1922 жылы «Сары шығанақ» бастауыш мектебі құрылды. Ұйымдастырушы – Еділ Құтмұхамедов
1930 – 1935 жылдары «1 Май» бастауыш мектебі құрылды. Осы жылдары мектепті Мұстафа Зермұхамедов басқарды.
1935 жылы мектепті 17 оқушы бітіріп, 1935-1938 жылдары «1 Май» жеті жылдық мектебі құрылды.
1937 жылы мектепке Г.К.Орджоникидзенің аты берілді. Оның алғашқы директоры – Жұмаділда Бисембаев.
1938-1939 жылдары мектептің жетінші сыныбын алғаш рет 21 оқушы бітіріп, 1939 жылдың қыркүйек айынан бастап, осы уақытқа дейін « орта мектеп» болып аталады.
1939-1959 жылдар аралығында мектепті Қ.Сексенбаев, Асанбаев, Ә. Шамқұлов, С.Усабаев, Ж.Үмбетов, Т.Тайманов басқарды. 1959-1965 жылдар аралығында Ә.Сұлтангереев, 1965-1968 жылдары К.Рахметова, 1969-1971 жылдары Б.Балтабаева басшылық етті.
1943-1944 жылдары мектепте эвакуациямен келген орыс, украин, беларусь балалары білім алып, мектепте оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.
1944 – 1949 жылдар аралығында мектепті 24 оқушы (әр 5 жылғы түлек), 1950 – 1955 жылдары 111 оқушы, 1956 – 1961 жылдары 206 оқушы , 1962 -1967 жылдары 133 оқушы, 1968 – 1974 жылдары 289 оқушы, 1975 – 1980 жылдары 180 оқушы, 1981-1986 жылдары 133 оқушы, 1987 – 1992 жылдары 132 оқушы бітіріп шықты.
1971-1973 жылдары мектепті Ө.Өтетілеуова, 1973-1992 жылдары Т.Сақтағанов басқарды.
1992 – 1998 жылдары Ұлымбаев Қуаныш мектеп директоры болып тағайындалды.
1995 жылы мектеп директоры Қуаныш Ұлымбаевтың ұсынысымен мектептің Г.К.Орджоникидзе есімі алынып, «№40 орта мектеп» деп аталды.
1993 – 1998 жылдары мектепті 95 оқушы, 1999-2004 жылдары 81 оқушы, 2005-2010 жылдары 48 оқушы, 2011 – 2016 жылдары 45 оқушы, 2017 – 2022 жылдары 35 оқушы аяқтап, үлкен өмірге қадам басты.
1998-2001 жылдары мектепті Бөкенбай Атабаев басқарды.
2001-2008 жылдары Ерден Мұханов басшылық жасады.
2007 жылы 120 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.
2008 жылдың тамыз айынан бастап 2020 жылға дейін Оразкүл Елжасарова мектеп директоры қызметін атқарды.
2017 жылы мектепке филология ғылымының докторы Алма Қыраубаеваның есімі берілді.
2020 – 2022 жылдары мектеп директорының міндетін атқарушы болып Бейсбаева Венера Базарханқызы қызмет атқарды.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап Насибеков Дауренбек Ердибекович мектеп директоры міндетін атқарушы болып тағайындалды.
100 жылдық тарихы бар білім ордасынан 5 «Алтын медаль», 8 «Күміс медаль» иегері , «Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген мектеп мұғалімі» атағын 1 адам, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогын 1 адам, «ҚР оқу ісінің үздігі» значогын 1 адам, «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогымен 4 адам марапатталған және 30-ға жуық ғалым, «Білім» саласы бойынша 150 маман, “Медицина» саласы бойынша 60 маман, «Әдебиет. Мәдениет. Өнер» саласы бойынша 50-ге жуық маман қанат қағып, кәсіби шеберліктің өресінен көрініп жүр.
2023 жылдың сәуір айынан бастап мектеп директоры қызметіне Саламат Әбуұлы тағайындалды.