Skip to content

Мектеп тарихы

  • 1922 жылы «Сары шығанақ» бастауыш мектебі құрылды. Ұйымдастырушы – Еділ Құтмұхамедов
  • 1930 – 1935 жылдары «1 Май» бастауыш мектебі құрылды. Осы жылдары мектепті Мұстафа Зермұхамедов басқарды.
  • 1935 жылы мектепті 17 оқушы бітіріп, 1935-1938 жылдары «1 Май»  жеті жылдық мектебі құрылды.
  • 1937 жылы мектепке Г.К.Орджоникидзенің аты берілді. Оның алғашқы директоры – Жұмаділда Бисембаев.
  • 1938-1939 жылдары мектептің жетінші сыныбын алғаш рет 21 оқушы бітіріп, 1939 жылдың қыркүйек айынан бастап, осы уақытқа дейін « орта мектеп» болып аталады.
  • 1939-1959 жылдар аралығында мектепті  Қ.Сексенбаев, Асанбаев, Ә. Шамқұлов, С.Усабаев, Ж.Үмбетов,  Т.Тайманов басқарды. 1959-1965 жылдар аралығында Ә.Сұлтангереев, 1965-1968 жылдары К.Рахметова, 1969-1971 жылдары Б.Балтабаева   басшылық етті.
  • 1943-1944 жылдары мектепте эвакуациямен келген орыс, украин, беларусь балалары білім алып, мектепте оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.
  • 1944 – 1949 жылдар аралығында мектепті 24 оқушы (әр 5 жылғы түлек), 1950 – 1955 жылдары 111 оқушы, 1956 – 1961 жылдары 206 оқушы , 1962 -1967 жылдары 133 оқушы, 1968 – 1974 жылдары 289 оқушы, 1975 – 1980 жылдары 180 оқушы, 1981-1986 жылдары 133 оқушы, 1987 – 1992 жылдары 132 оқушы бітіріп шықты.
  • 1971-1973 жылдары мектепті  Ө.Өтетілеуова, 1973-1992 жылдары Т.Сақтағанов  басқарды.
  • 1992 – 1998 жылдары Ұлымбаев Қуаныш мектеп директоры болып тағайындалды.
  • 1995 жылы  мектеп директоры Қуаныш  Ұлымбаевтың ұсынысымен  мектептің Г.К.Орджоникидзе  есімі алынып, «№40 орта мектеп» деп аталды.
  • 1993 – 1998 жылдары мектепті 95 оқушы, 1999-2004 жылдары 81 оқушы, 2005-2010 жылдары 48 оқушы, 2011 – 2016 жылдары 45 оқушы, 2017 – 2022 жылдары 35 оқушы аяқтап, үлкен өмірге қадам басты.
  • 1998-2001 жылдары мектепті Бөкенбай Атабаев басқарды.
  • 2001-2008 жылдары Ерден Мұханов басшылық жасады.
  • 2007 жылы 120 орындық жаңа  мектеп ғимараты пайдалануға берілді.
  • 2008 жылдың тамыз айынан бастап 2020 жылға дейін Оразкүл Елжасарова мектеп директоры қызметін атқарды.
  • 2017 жылы мектепке  филология ғылымының докторы Алма Қыраубаеваның есімі берілді.
  • 2020 – 2022 жылдары мектеп директорының міндетін атқарушы болып Бейсбаева Венера Базарханқызы қызмет атқарды.
  •   2022 жылдың қаңтар айынан бастап Насибеков Дауренбек Ердибекович мектеп директоры міндетін атқарушы болып тағайындалды.
  • 100 жылдық тарихы бар білім ордасынан 5 «Алтын медаль», 8 «Күміс медаль» иегері , «Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген мектеп мұғалімі» атағын 1 адам,  «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері»  значогын 1 адам,  «ҚР оқу ісінің үздігі»  значогын 1 адам, «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогымен 4 адам марапатталған және 30-ға жуық ғалым, «Білім» саласы бойынша 150 маман, “Медицина» саласы бойынша 60 маман,  «Әдебиет. Мәдениет. Өнер» саласы бойынша 50-ге жуық маман қанат қағып, кәсіби шеберліктің өресінен көрініп жүр.
  • 2023 жылдың сәуір айынан бастап мектеп директоры қызметіне Саламат Әбуұлы тағайындалды.